Германияда қазақстандық жазушы Г.Бельгердің «Кезбенің үйі» кітабына арналған әдеби кеш өтті

Аталмыш кітап 2010 жылы ҚР ГФР-дағы Елшілігінің «Қазақ кітапханасы» атты жобасының шеңберінде Германияда неміс тілінде жарық көріп, неміс оқырмандары арасында зор ықыласқа ие болған еді.
Әдеби кеш аясында неміс басылымы аудармасының авторы Кристиане Лихтенфельд шығарманың көркемдік оқылымын ұйымдастырды. Кітап күштеп қоныс аударуға ұшыраған және Қазақстанда өздерінің жаңа отандарын тапқан этникалық немістердің қиын тағдырын бейнелейді. Сонымен қатар бұл шығарма оқырмандарды қазақ халқының қонақжайлығы, жергілікті тұрғындар мен неміс қоныс аударушыларының арасындағы нағыз достық қатынастарын тілге тиек етеді.
Үлкен қызығушылық тудырған осы шараға Германияның қоғамдық-саяси, мәдени және іскер топтары өкілдері, журналистер, баспагерлер, сондай-ақ шетелдік дипломаттар қатысты.
«Қазақ кітапханасы» жобасын ҚР ГФР-дағы Елшілігі 2006 жылдан бері бастап іске асырып келеді. Оның шеңберінде Германияда жиырмадан астам қазақстандық авторлардың танымал шығармалары неміс тілінде жарық көріп отыр.