Германияда галерея қызметкері өз картинасын іліп қойғаны үшін жұмыстан қуылды

Германия мұражай
Фото: PRISMA BILDAGENTUR/UNIVERSAL IMAGES GROUP

АСТАНА. KAZINFORM – Германиядағы заманауи өнер галереясы көрмеге өз суретін іліп қойған қызметкерін жұмыстан шығарды, деп жазады ВВС.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 51 жастағы ер адам өз туындысын көрсету үшін Мюнхендегі өнер мұражайының қабырғасына картинасын іліп қойған.

Осылайша суретші өз шығармашылығына жұртшылық назарын аударуға үміттенді.

Оның 60х120 сантиметрлік туындысы галереяның бос дәлізінде біраз уақыт ілулі тұрған.

Ол галереяның техникалық қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеді. Өзін фрилансер-суретші деп атайтын. Осы оқиғадан кейін оның еңбек қатынастары тоқтатылып, галереяға кіруге тыйым салынды.

«Қазіргі заманның пинакотекасы» - Пабло Пикассо, Макс Эрнст және Сальвадор Далидің туындылары қойылған Еуропадағы ең ірі заманауи өнер мұражайларының бірі.

Соңғы жаңалықтар