Германияда сақтандыру аясында аяқ-қолға липосакция жасатуға болады
АСТАНА. KAZINFORM – Липосакция енді елде майлы тіндердің біркелкі бөлінбеуімен сипатталатын липедемадан зардап шегетіндер үшін міндетті медициналық сақтандырудың стандартты қызметі, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді денсаулық сақтау жөніндегі консультативтік кеңес (G-BA) қабылдады. Германияда мұндай 4 миллионға жуық пациент бар, олардың көпшілігі әйелдер.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың барлығы дертінің ауырлығына қарамастан сақтандыру аясында қолдары мен аяқтарына липосакция жасата алады. G-BA тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу бұл жағдайда хирургиялық араласу консервативті әдістерге қарағанда тиімдірек екенін дәлелдеді.
Липедемадан зардап шегетін адамдар күшпен басу кезінде ауырсынуды, сонымен қатар аяқ-қолдарында ауырлықты сезінеді. Алайда дәрігерлердің айтуынша, адамдар дене бітімі өзгеруіне байланысты ұшырайтын күйзеліс те маңызды.
Осы арада ескерту де бар: отаны тек алты ай бойы жүйелі түрде орындалатын компрестер мен емдік жаттығулар сияқты дәстүрлі әдістер еш нәтиже бермесе ғана тағайындауға болады.
Бұған дейін Қазақстанда кімдерге пластикалық ота тегін жасалатыны туралы жазған болатынбыз.