Германияда парламенттік сайлау басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Германияда «Бағдаршам коалициясы» тарағаннан кейін ел халқы кезектен тыс сайлауда жаңа Бундестагты сайламақ.

Германия
Фото: Ingo Joseph/pexels

Елде үкімет ауысады. Кезектен тыс сайлау белгіленген мерзімнен жарты жыл бұрын өтеді. Сайлау науқаны көптеген себептерге байланысты қысқа әрі басқаларына ұқсамайтын болды. Онда екі мәселеге басымдық беріледі: экономика мен көші-қон.

Канцлер лауазымына кандидаттар саны бұрынғылардан әлдеқайда көп болды. Канцлер үміткер сияқты, ал үміткер канцлер сияқты әрекет етті, деп жазды неміс басылымдары.

Дауыс беруге кімнің құқығы бар? 59,2 млн адам мен шетелде тұрып жатқан неміс сайлаушылары. Германияда міндетті сайлау деген жоқ. Федералды сайлауға қатысу ГФР азаматтарының ерікті әрі демократиялық құқығы. Дауыс беруге жасы 18-ге толған, Германия азаматы болып табылатын кез келген адамның құқы бар.

Соңғы федералды сайлау кезінде 2,3 млн-ға жуық немістің жасы 18-ге толды. Олар Бундестагқа дауыс беруге мүмкіндік алып отыр.

Әрбір төртінші сайлаушының (23,2%) жасы 70-тен асқан, 40%-ның жасы 60-тан асты. Бір жағынан 30 жас шамасындағы адамдар саны дауыс беру құқығы бар азаматтардың 13,3 пайызын ғана құрайды.

Дауыс беру туралы хабар автоматты түрде жіберілді. Шақыру қағазында қай сайлау учаскесінде дауыс беретіні және оның қайда орналасқаны көрсетілген. Германияда дауыс беру учаскесінде жеке куәлік немесе төлқұжат болса жеткілікті.

Осы сайлаудағы басты күштер оңшыл центристік «Христиан демократиялық одағы» және әсіреоңшыл «Германия үшін балама» ұйымы.

Егер жеңімпаз сайлаушылардың абсолютті басым даусына ие бола алмаса, оларға коалиция құру туралы келссөз жүргізуге тура келеді.

Осыған дейін «Германиядағы сайлау: Кімнің мүмкіндігі мол» деген тақырыпта сараптама жариялаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар