Германияда сағатына 300 шақырым жылдамдықта BMW M5 жүргізушісі жол апатынан кейін аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда BMW - M5 қатысуымен апат орын алды. Апат елдің автобандарының бірінде орын алды.

Германияда сағатына 300 шақырым жылдамдықта  BMW M5 жүргізушісі жол апатынан кейін аман қалды

Жергілікті полицияның ақпаратынша, 60 жастағы BMW M5 жүргізушісі 297 км/сағ жылдамдығымен жүріп келе жатып, бір автомобильден озбақ болғанда көлікті басқара алмай қалды.

Салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Апатқа қарамастан, жүргізуші, 20 жастағы жолаушы және көлікте отырған ит аман қалды. Тек олар түрлі жарақат алды.