Германияда сегіз мың адам жиналған сұлулар сайысын бір әйел таратып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Германияның келесі топ-моделі» атты телевизиялық шоуы жарылғыш зат туралы хабардан кейін үзіліп, жиналғандар таратылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
None
None

Манхеймдегі стадионға шараны тамашалауға келген шамамен сегіз мыңға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Жарылғыш зат туралы полицияға телефон арқылы белгісіз әйел хабарлаған. Полиция стадионды тексерді. Күдік туғызған портфель табылды, алайда, оның ішінде жарылғыш заты жоқ болып шықты.

Соңғы жаңалықтар