Германияда тұтынушылардың сенім индексі жұмыс орындарының қысқару қаупіне байланысты төмендеген
АСТАНА. KAZINFORM — Германияда GfK зерттеу компаниясы есептейтін желтоқсандағы тұтынушылар сенімінің индикаторы мамырдан бастап минимумға дейін — қарашадағы -18,4 тармақпен салыстырғанда -23,3 тармаққа дейін төмендеген. Бұл туралы reuters.com жазды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Германиядағы тұтынушылық көңіл күй 2024 жылдың кейінгі айында күрт төмендеуі мүмкін. Сәрсенбі күні жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жұмыс орындарының қысқаруы туралы хабарларға алаңдаған тұрғандардың болашақ кірістері бойынша пессимистік көзқараста екені анықталды.
GfK және Нюрнберг нарықтық шешімдер институты (NIM) жариялаған тұтынушылық көңіл күй индексі желтоқсан айында күткеннен едәуір төмендеп, бір ай бұрын -18,4 тармаққа қайта қаралғаннан -23,3 тармаққа дейін төмендеді.
- Жылдың соңғы бірнеше аптасы тұтынушылық климаттың айтарлықтай нашарлауымен аяқталады. Бұның себебі, әрине, өнеркәсіптегі жұмыс орындарын қысқарту және өндірісті шетелге шығарумен байланысты, - дейді NIM сарапшысы Рольф Бюркл.
Ол сондай-ақ кейінгі кездері банкроттық фактілер де көбейгенін айтты.
Тұтынушылардың жеке табыс күтулерінің қосалқы индексі желтоқсанда бір ай бұрынғы -3,5 тармақтан -17,2 тармаққа түсіп, тоғыз айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Немістердің сатып алуға деген ұмтылысын көрсететін көрсеткіш 1,3 тармаққа төмендеп, -6 тармаққа дейін төмендеді.
GfK осы айдың ішкі индекстері негізінде келесі айдың жетекші индексін есептейді. Көрсеткіш 2001 жылдан бастап есептелді.
Германиядағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақының әрбір үшінші еуросы шетелдіктерге тиесілі екені бұған дейін хабарланған болатын.