Германияда үкіметтің жұмысына көңілі толмайтындардың қатары көбейген

АСТАНА. KAZINFORM — Германияда Христиан-демократиялық одағы (CDU/CSU) мен Социал-демократиялық партиядан (SPD) құралған коалициялық үкіметтің жұмысына қанағаттанбайтын тұрғындар үлесі 66 пайызға жетті, деп хабарлайды Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Германияда үкімет жұмысына көңілі толмайтындардың қатары артып келеді
Фото: Anadolu

Bild am Sonntag басылымының тапсырысы бойынша Insa қоғамдық пікірді зерттеу институты жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, Германия халқының басым бөлігі Фридрих Мерц басқарып отырған үкіметтің қызметіне наразы екенін көрсетті.

Сауалнамаға қатысқандардың 66 пайызы үкіметтің жұмысына қанағаттанбайтынын айтса, тек 25 пайызы оның қызметіне оң баға берген.

Респонденттердің 49 пайызы қазіргі үкімет 2029 жылға дейінгі заң шығарушылық мерзімін соңына дейін атқара алмайды деп есептейді, ал 32 пайызы оның мерзімін толық аяқтайтынына сенеді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, электорат көзқарасы бойынша ультраоңшыл «Германия үшін альтернатива» (AfD) партиясы 26 пайыз дауыс жинап, ең күшті саяси күш ретінде қалып отыр.

Сонымен қатар Христиан-демократиялық одақ пен Христиан-әлеуметтік одақтың (ХДС/ХСС) рейтингі 24 пайызды, ал Социал-демократиялық партияның (СДПГ) көрсеткіші 15 пайызды құрады.

Сауалнамада коалиция құрамындағы екі партияның рейтингі соңғы сегіз айда өткен сайлаудағы нәтижемен салыстырғанда төмендегені байқалады: ол кезде олар бірлесіп 45 пайыз дауыс жинаған болса, қазір бұл көрсеткіш 39 пайызға дейін азайған.

Айта кетейік, Германияда жұмыссыздар саны үш миллионнан асқанын жазғанбыз

Ал Қытай Германияны инновациялық елдер рейтингісінде басып озды.

Соңғы жаңалықтар