Германияда зейнет жасы ұлғайтылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі таңда Германияда зейнеткерлік жасты 65-тен 67 жасқа дейін кезең-кезеңімен ұлғайту үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс онжылдықтың соңына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, егер еңбек өтілі кемінде 35 жыл болса, азаматтар 63 жастан бастап зейнетке шыға алады, деп жазды DW.

Германияда зейнет жасы ұлғайтылуы мүмкін
Фото: Pexels

Билік коалициясының құрамына кіретін Христиан-демократиялық одақ (ХДС) партиясы жанындағы Экономикалық кеңес зейнеткерлік жасты одан әрі ұлғайтуға шақырды. Кеңестің бас хатшысы Вольфганг Штайгер бұл тұрғыда Швеция, Дания және Нидерланд елдерінің тәжірибесін үлгі ету қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, «зейнеткерлік жасты 67 жастан жоғары деңгейге дейін жүйелі түрде көтеру, зейнетақы резервтерін жинақтау және зейнеткерлер буынын халықтың қартаюымен байланысты мәселелерді шешуге тарту — аталған елдерде тұрақты зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізгі тетіктері болып табылады».

Германияның жаңа үкіметі үшін зейнетақы саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу — басты мақсаттардың бірі. Коалициялық келісімде зейнетақы мөлшерін бұрынғы жалақының 48 пайызы деңгейінде сақтау және 63 жастан бастап зейнетке шығу кепілдігі қарастырылған. Алайда сыншылар бұл шаралар зейнетақы сақтандыру жүйесіне түсетін жүктемені арттыруы мүмкін деп болжайды. 

Ал Қытай үкіметі зейнет жасын 63 жасқа дейін ұзартатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар