Германияда жасы 100-ден асқан адамдардың саны артты
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы Германияда жасы 100-ден асқан 17 900 адам тұрған. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 25%-ға көп, деп хабарлайды DW.

Мұндай жасқа жететіндер арасында әйелдер басым, себебі Германияда әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 83,2 жыл, бұл ерлерге қарағанда шамамен бес жылға ұзақ.
Ең көп ұзақ өмір сүретіндер — Гамбург қаласында, ал орташа деңгейден жоғары көрсеткіш Саар және Саксония жерлерінде байқалады.
Ең аз жүз жастан асқандар — Бавария, Бремен және Бранденбург аймақтарында.
Германияда ұзақ өмір сүретін адамдар санының артуына бірнеше себеп бар:
-
өмір сүру жағдайының жақсаруы,
-
халықтың әл-ауқатының артуы,
-
медицинаның дамуы.
— Алайда, адам өмірінің табиғи шегі — 120 жас, және адам ағзасы бұдан ұзақ өмір сүруге қабілетті емес, — деп атап өтті Макс Планк қоғамының Кёльн қаласындағы Қартаю биологиясы институтының мамандары.
Дегенмен, кейде ерекше жағдайлар болады. Әлемдегі ең кәрі адам — француз әйелі Жанна Луиза Кальман, ол 1997 жылы 122 жас 5 айында қайтыс болған.
Осыдан бұрын Түркияның ең қарт әйелдерінің бірі 127 жасында өмірден өткенін жазған едік.