Германияда жұмыс орындары қысқарып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Германияда жұмыс орындарын қысқарту үрдісі алдағы уақытта да жалғасады, деп хабарлайды DW.
Ең ауқымды қысқарту ондаған мың жұмыс орны металлургия және электротехника салаларында болады деп болжанып отыр. Мұндай пікірді Gesamtmetall жұмыс берушілер қауымдастығы білдірді.
— Германиядағы салық, энергия шығыны мен еңбек құны соншалықты жоғары, көптеген компания үшін мұнда өндіріс жүргізу енді табысты болмай қалды. Қазір біз ай сайын шамамен 10 мың жұмыс орнын жоғалтып жатырмыз, — деді Gesamtmetall ұйымының басшысы Оливер Зандер Bild газетіне берген сұхбатында.
Зандер Германия үкіметін Еуроодақ бюрократиясына қатысты анағұрлым қатаң ұстаным ұстануға шақырды.
Оның айтуынша, 2025 жыл Еуропалық комиссия қабылдаған және міндетті түрде орындалуы тиіс құқықтық актілер мен оларға енгізілген түзетулер саны бойынша рекордтық жылға айналған.
Айта кетелік Германияда біраз салада жұмыс орындары қысқаратыны туралы жазған едік.