Германияда жұмыссыздар саны үш миллионнан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Тамыз айында Германиядағы жұмыссыздар саны 2015 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет үш миллионнан асты, деп хабарлайды DW

Германиядағы жұмыссыздық көрсеткіші 2021 жылдан бергі ең жоғары
Фото: tsyhun/Freepik

Жұмыспен қамту федералды агенттігінің (Bundesagentur für Arbeit, BA) жұма күні, 29 тамызда Нюрнбергте жарияланған мәліметтеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 46 мыңға өсіп, 3,025 миллионға жетті. Жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 6,4%-ды құрады.

—Тамыз айында біз күткен нәрсе болды: жазғы маусымға байланысты жұмыссыздық үш миллионнан асты, — деді агенттік басшысы Андреа Нахлес (Andrea Nahles).

Оның айтуынша, еңбек нарығы соңғы жылдардағы экономикалық құлдыраудың салдарын әлі де сезінуде.

— Дегенмен, тұрақтандырудың алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалып отыр, — деп атап өтті Налес.

Маусымдық ауытқуларды ескере отырып, тамыз айында жұмыссыздар саны 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда тоғыз мыңға аз болды. Сарапшылар, керісінше, 10 мыңға өседі деп болжаған еді. Жылдық есеппен алғанда жұмыссыздардың саны 153 мыңға өсті.

Еске сала кетейік, Бір жыл ішінде Германия автопромы 50 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартты.

Соңғы жаңалықтар