Германиядағы сайлау: Кімнің мүмкіндігі мол
АСТАНА. KAZINFORM – Консервативті христиан демократтары Германия Федеративті Республикасында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлау қарсаңындағы қоғамдік пікірге жүргізілген сауалнамада көш бастап тұр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының атап өтуінше, Христиан-демократиялық одағының басшысы Фридрих Мерц те сауалнама нәтижесінде көш басында келе жатыр. Дегенмен, өзге де партиялар дауыстарының үлесін арттыра түсуде.
Германияда 26 ақпанда өтетін сайлау жақындаған сайын қарабалас арта түсуде. Соңғы апта ішінде сайлауалды науқан қарқын алып келеді. Өйткені, кандидаттар әрбір дауыс үшін күреседі. Оңшыл-центристік Христиан-демократиялық одағы папралментке 2 құжат, атап айтқанда көші-қон саясатын қатаңдату және бассауға беру саясаты туралы заң жобаларын енгізгеннен кейін көңіл-күй градусы көтеріліп кетті.
Өйткені, консервативтік блок бұл мәселеде канцлер Олаф Шольцтің солшыл-центристік Германияның социал-демократтармен және «Жасылдармен» бірлескен тәсілге байланысты ортақ уағдаластыққа келе алмады. Ал Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы Фридрих Мерц «Германия үшін балама» (AfD) ультраоңшыл партиясының парламенттен орын иелену үшін қолдау білдіретіндігіне уәдесін алып, көші-қон саясатын қатаңдатуды жалғастыру қажет деп шешіп отыр.
Осыған байланысты Германияның социал-демократиялық, «Жасылдар» және Солшыл партиялары Христиан-демократиялық одағын Германияда 1949 жылдан бері қолданыста болған ультраоңшылдармен ынтымақтасудан бас тартуға қатысты бәтуаны бұзғаны үшін айыптауда. Мерцтің іс-әрекетіне қарсы наразылық ретінде көшеге ондаған мың адам шықты.
Сайлаушылар не дейді ?
Сайлаушылар Христиан-демокркатиялық партиясының көші-қонды шектеуге қатысты мұндай амалын қалай бағалап отыр? Бұл Infratest-dimap зерттеу институты 3-5 ақпан аралығында жүргізген сауалнамадағы 1 302 неміс сайлаушысына қойылған негізгі сұрақтардың бірі болды.
«Германия үшін балама» жақтастарының арасында Христиан-демократиялық одағының мұндай бастамасына қолдау деңгейінің (86 пайыз) жоғары болуы түсінікті жайт. Дегенмен Христиан-демократиялық одағы жақтастарының 62 пайызы да Фридрих Мерц амалын дұрыс екенін алға тартып отыр. Жалпы, сауалнама қатысқан немістердің 43 пайызы Христиан-демократиялық одағының Бундестагтағы іс-әрекеті дұрыс деп есептейді.
Алайда, немістердің жартысы Христиан-демократиялық одағының парламенттік бұлтарысын құптамайды: сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші респондент аталған одақтың көші-қонды шектеу ұмтылысымен келіседі. Бірақ, одақ «Германия үшін балама» партиясының көмегін алмаған жағдайда ғана.
Сайлаушылардың 25 пайызы, оның ішінде Германияның социал-демократиялық, «Жасылдар» және Солшыл партияларының сайлаушылары Христиан-демократиялық одағының Бундестагтағы амалын түбегейлі дұрыс еместігін алға тартып отыр.
Немістің өзге де партиялары AfD-пен ынтымақтасуы керек пе ?
Дәл осы сұраққа келгенде немістердің пікірі бірден екіге жарылып тұр. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 49 пайызы «Германия үшін балама» партиясы дауысымен заң қабылдау тиімсіз екендігін мәлімдемесе, 44 пайызы дұрыс оның дұрыс екенін айтады.
Респонденттердің шамамен 56 пайызы қандай да бір партияның «Германия үшін балама» партиясымен бірлесіп, парламентте заң әзірлеуіне болмайтындығын алға тартса, 66 пайызы AfD-ты үкімет жасақтауға тарту идеясын қарсылық білдіреді.
Дүйсенбі күні Фридрих Мерц партия делегаттарына ультраоңшылдармен ынтымақтастықтың кез келген түріне бармайтындығын мәлімдеді. Сонымен қатар ол AfD-ты өз партиясының басты қарсыласы деп атады. Оның айтуынша, Христиан-демократиялық партиясы НАТО-дан, «еуро» аймақ пен Еуропалық одақтан шыққысы келетін партиямен жұмыс істей алмайды.
Канцлер кім болмақ ?
Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі Христиан-демократиялық партиясы Германияның болашақ үкіметін басқарғанын жақтайтындығын білдірген. Бұл өткен айдағы сауалнама көрсеткішінен шамамен 4 пайызға көп. Ал респонденттердің 17 пайызы Үкіметті Германияның социал-демократиялық партиясы басқарғанын қалайды. Бұған қоса, сауалнама қатысқандардың 33 пайызы жақсы концлер ретінде Мерцке сенім артуға болады деп санайды. Бұл өткен жылдың соңындағы көрсеткіштен 5 тармаққа жоғары.
«Жасылдар» партиясы атынан канцлер лауазымына кандидат Роберт Хайбектің жұмысы респонденттердің шамамен 67 пайызының көңілінен шықпайды. Ал «Германия үшін балама» партиясы атынан үміткер Элис Вайдельдің кандидатурасымен сайлаушылардың 69 пайызы келіспейді. Ал канцлер Щольцке келер болсақ, сауалнама алынғандардың 74 пайызы оның жұмысына көңілдері толмайтындығын білдірген.
Германия социал-демократиялық партиясының мүмкіндігі
Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамадан Олаф Шольц рейтингінің төмен екендігін байқауға болады. Егер сайлау осы демалыс күндері өткен кезде Германия социал-демократиялық партиясы небәрі 15 пайыз дауыс жинай алар еді. Бұл 2021 жылы өткен соңғы федеральды сайлау көрсеткішінен 10 тармаққа төмен.
Дегенмен Христиан-домкратиялық партиясы ұрындырған дауыс беру партия рейтингіне зиянын тигізе қоймаған сияқты. Жалпы, бұл партия біршама күшейіп, басымдығын 31 пайызға дейін күшейтіп алды. Ал «Германия үшін балама» партиясының дауыс үлесі 21 пайызға дейін жетті. «Жасылдар» партиясы болса, ұстанымын 1 пайызға жоғалтты. Олардың үлесі ендігі уақытта 14 пайыз болып тұр. Айта кетерлігі, Солшыл партияның да 5 пайыз дауыспен парламентке кіру мүмкіндігі бар.
Дегенмен, алдын ала болжамға қарағанда, жаңадан құрылған популистік Сара Вагенкнехт одағы мен неолибералды еркін демократтар Бундестагта өкілдік ету үшін қажетті кемінде 5 пайыз дауыс жинай алмайтын сияқты.
Естеріңізге сала кетейік, Германия Бундестагына кезектен тыс сайлау 23 ақпан күні өтеді.
Айта кетейік, 1 ақпан күні Германия парламенті Христиан-домкратиялық партиясының көші-қон реформаларын қабылдамады.
Дауыстардағы айырмашылық аз болды: 338 адам жақтап, 350-і қарсы шықты. Реформаға бастамашылық жасаған партия жетекшісі Фридрих Мерц тағы да барлық тараптан сынға ұшыраған «Германия үшін баламаға» сенім артуға тырысты. Ангела Меркельдің өзі Мерц әсіре оңшылдармен ынтымақтаспауға уәде бергенін еске алды.