Германиядағы жәрмеңкеде адамдарды көлікпен таптаған күдіктінің кім екені белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Магдебург қаласында жұма күні кешкі уақытта жәрмеңкеде адамдарды көлікпен таптаған күдіктінің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Магдебург
Фото: BBC

Германияның шығысындағы Магдебург қаласында өткен рождестволық жәрмеңкеде көлік таптап кеткен 5 адам қаза болды. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол Сауд Арабиясынан келген дәрігер болып шықты.

Барлығы 200-ден астам адам жараланған. Олардың көбісінің жағдайы ауыр. Жергілікті биліктің дерегінше, қаза болғандар арасында бала да бар.

Сенбі күні түстен кейін болған баспасөз мәслихатында прокурор Хорст Уолтер Нопенс тергеушілер күдіктімен сөйлесуді жалғастырып жатқанын, оған 5 адамды өлтіріп, талай адамға ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірді деген айып тағылғанын айтты.

Кейін бірнеше БАҚ, оның ішінде Би-би-си күдіктінің аты жөнін жариялады: Талеб аль-Абдулмохсен.

Белгілі болғандай, 50 жастағы күдікті Бернбург қаласында тұрып, жұмыс істеген психиатр. Ол 2006 жылы Германияға оқуға келіп, 2016 жылы босқын деп танылғандықтан осында қалып қойған. Қазіргі уақытта оның тұрақты тұруға рұқсаты бар.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жібергенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар