Германиядағы Эритрея фестивалінің соңы тәртіпсіздікке ұласты

None
Фото: Helmut Fricke/dpa
ГИСЕН.ҚазАқпарат – Гисендегі этнофестиваль қарсыластары оны Эритреяның авторитарлық билігін қолдау құралы деп санайды. Тәртіпсіздік салдарынан кем дегенде 26 полицей жарақат алып, 100-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.

Сенбі, 8 шілде күні Германияның Гисен қаласында (Гессен федералды штаты) Эритрея мәдениетінің фестивалін өткізуге байланысты көшедегі тәртіпсіздіктер салдарынан 26 полиция қызметкері жарақат алды. Тәртіпсіздіктер салдарынан кем дегенде 100 адам қамауға алынды, деп хабарлады Франс Пресс. Денеге зиян келтіру және тәртіп бұзу фактілері бойынша ондаған тергеу басталды.
Гессен полициясының мәлімдемесіне сәйкес, фестивальге қарсы наразылық білдірушілер шеру ұйымдастырған. 250-ге жуық адам қатысып, шеру аяқталған соң 150-ге жуығы қала жолдарын жауып тастады. Келісілмеген акцияны тарату кезінде оған қатысушылар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке лақтырып, түтін шығаратын бомбалар жарып, қоршауларды бұзған.
Шерушілер Эритреядағы авторитарлық үкіметті сынады
Гисендегі Эритрея этномәдени фестивалі 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Мәдени шараның шырқын бұзу әрекеттері бірінші рет емес - 2022 жылғы қарсылық білдіргендер демонстрациясы да полициямен қақтығысқа ұласты. Фестивальді сынайтындар негізінен авторитарлық үкіметтің әрекетіне байланысты елден кеткен Эритрея азаматтары, деп жазады T-Online. Эритреядан қашқан азаматтардың саны ондаған мың.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шара Эритрея билігіне жақын ұйымның қамқорлығымен өтіп жатыр және Эритрея насихатының құралы болып саналады. Бұл ел Эфиопиядан тәуелсіздігін жариялаған 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Сондай-ақ 30 жылдан астам уақыт Исайас Афверки Эритрея президенті болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, іс-шара Эритрея билігіне жақын ұйымның қолдауымен өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар