Германиядағы жаңбыр жауғанда ән салатын үй

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Дрезден қаласының Нойштадт ауданындағы бұл ғимараттың сыртында бірнеше жерден су ағатын құбырлар, су ағызғыштар және құйғыштар орнатылып, жаңбыр жауғанда, осы жүйеден әуенді дыбыстар шығады.

 Германиядағы жаңбыр жауғанда ән салатын үй

«Қабырғадағы музыкалық аспаптар» арқылы ағып өтетін су тартымды, жанға жайлы әуендер шығарады.

Жауын-шашынды күндері бұл қабырғаның қасына туристер жиналып, ерекше жаңбыр әуенін тыңдайды.