Германияға жұмыс істеуге баратын өзбекстандықтар үшін виза беру тәртібі жеңілдемек

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан мен Германия өзбекстандықтардың неміс компанияларына жұмысқа орналасуын жеңілдетуге бағытталған бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан-Германия
Фото: ӨР Жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету министрлігі

Өзбекстанның Жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету министрі Бехзод Мусаев Самарқанда Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезермен кездесу өткізді.

«Көші-қон мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер әзірленіп жатыр. Біз өзбекстандықтарды неміс компанияларына жұмысқа орналастыру процесін жеңілдетуге дайынбыз», - деп мәлім етті Нэнси Фезер кездесу барысында.

Сонымен қатар, ведомство басшылары медицина мамандары мен көлік саласының қызметкерлерін даярлау үшін жаңа бағдарлама әзірлеуге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар