Германиялық «Юнион» футбол клубын алғаш рет әйел адам жаттықтырады

АСТАНА. KAZINFORM – Берлиннің «Юнион» футбол клубы Мари-Луизе Этаны бас бапкер етіп тағайындады. Ол футболдан Еуропаның ТОР лигаларының бірінде ерлер командасын жаттықтыратын алғашқы әйел атанып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

Германиялық клубты тарихта алғаш рет әйел адам жаттықтырады
Фото: bundesliga.com

Жексенбіде Берлиндегі «Юнион» футбол клубының бас бапкері Штеффен Баумгартты қызметінен босатып, оның орнына 34 жастағы Мари-Луизн Этаны тағайындады. Осылайша ол Бундеслига тарихындағы тұңғыш әйел жаттықтырушы және Еуропаның үздік лигаларының бірінде ерлер командасын жаттықтыратын алғашқы әйел бапкер болды.  

Аталған маман маусымның соңына дейін «Юнион» командасын жаттықтырады. 

– Клуб маған сенім артып, бапкерлік тізгінді ұстатқанына қуаныштымын, - деді ол.

Баумгарт маусымның екінші жартысында команданың нәтижелері күрт төмендегеннен кейін 12 сәуір күні таңертең қызметінен босатылды. Оған себеп 11 сәуірде оның командасы соңғы орындағы Хайденхаймнан 3:1 есебімен жеңіліп қалды. «Юнион» футбол клубы Рождестводан бері екі рет жеңіске жетті және плей-офф аймағынан 7 ұпай жоғары тұр. 

Берлиннің «Турбин Потсдам» командасының ойыншысы ретінде Эта 2010 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды, сонымен қатар Бундеслиганың үш титулын иеленді. Осы жазда ол әйелдер Бундеслигасында «Юнионның» әйелдер командасын жаттықтыруға келісті.

Бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының V турында «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездесіп, тең тарқасқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар