Германия юниорлары футболдан әлем чемпионы атанды

Индонезияда өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Германия мен Франция финалдық матчта кездесті. Кazinform бұл туралы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлайды.

футбол
Фото: Ахмад Ибрагим/AP/dpa/picture Alliance

Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Кездесу пенальти сериясына дейін ұласты. Нәтижесінде неміс командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін үшінші орын үшін кездесуде Мали құрамасы Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Футболдан юниорлар командасы (17 жасқа дейін) өз тарихында тұңғыш рет әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар