Германияның социал-демократтары парламенттік сайлауда негізгі кандидат ретінде Шольцті ұсынады
АСТАНА. KAZINFORM – Германия парламентіне сайлау 2025 жылдың 23 ақпанында өтеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Социал-демократтар өз партиясынан негізгі кандидат қазіргі канцлер Олаф Шольц болады деп шешті. Бұл шешім 2025 жылдың 11 қаңтарында өтетін ГСДП партиялық съезінде ресми түрде бекітіледі деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Германияның социал-демократиялық партиясының (СДП) депутаттары ақпан айындағы сайлауға түсетін танымал қорғаныс министрі Борис Писториусты қолдап, ішкі жиында алғаш рет сөз сөйледі.
Алайда 21 қарашада Б.Писториус сайлау додасына қатысудан бас тартқанын мәлімдеді.
Бүгінде канцлерге кандидаттар ретінде ХДО жетекшісі Фридрих Мерц пен «Одақ 90/Жасылдар» партиясынан ГФР вице-канцлері Роберт Хабек бар.
7 желтоқсанда «Германия үшін балама» әсіре оңшыл партиясының жетекшілері өздерінің кандидаты, «Германия үшін балама» төрайымы Алиса Вайдельді ұсынуға ниетті.
Қазіргі кезде құрамына СДП және «Одақ 90/Жасылдар» кіретін бұрынғы билеуші коалициядан Германияның еркін демократиялық партиясы шығып кетті.
О.Шольц 2025 жылдың қаңтарында Бунденстагтан Германия бастан кешіп отырған проблемалар аясында өз үкіметіне сенім вотумын сұрағысы келетінін мәлімдеді.
Дегенмен, Германияның ықтимал келесі канцлері, орталық оңшыл күштерінің жетекшісі Фридрих Мерц елдің қазіргі канцлері, солшыл Олаф Шольцті елдің үш партиялық басқарушы коалициясы ыдырағаннан кейін күтілетін кезектен тыс сайлаудың уақытын айтарлықтай тездетуге шақырды.
Осы аптада О.Шольц 11 желтоқсанда өз үкіметіне сенім вотумын 16 желтоқсанда өткізуге өтінім беретінін, ал ел парламентіне сайлау келесі жылдың 23 ақпанында өтетінін растады.