Германияның Майндағы Франкфурт қаласының әуежайын нөсер жауын салдарынан су басты

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Майндағы Франкфурт қаласындағы толассыз жауған жаңбыр салдарынан жергілікті әуежай жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Германияның Майндағы Франкфурт қаласының әуежайын нөсер жауын салдарынан су басты
Фото: Anadolu Agency

Әуе айлағында көптеген рейстер тоқтатылды, олардың кейбіреулері басқа әуежайларға жіберілді. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан ұшу-қону жолағын су басып қалды.
Сәрсенбіде 70-ке жуық рейс тоқтатылған.
Ең көп зардап шеккен Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Тюрингия, мұнда жаңбыр салдарынан жеке үйлердің жертөлелері толығымен су астында қалды.