15:21, 16 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Германияның түнгі клубында атыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлиндегі түнгі клуб алдында атыс болды. Оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.
«Хоэншёнхаузен ауданында түнгі клуб алдындағы атыстан үш адам жарақат алып, бір адам қаза тапты», - делінген жергілікті полицияның хабарламасында.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.