Германяда нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Германяда нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, байрақты додаға Қазақстан құрамасы қатысады. 

Әлем кубогында винтовкамен атуда әйелдер арасында Елизавета Безрукова, Александра Ле, Арина Алтухова және София Шульженко бақ сынайды. 

Ал аталған сайыста ерлер арасында Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Юрий Юрков жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ тапаншамен ату әйелдерде Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Малика Сейіл сынға түссе, ерлерде Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков, Валерий Рахымжан және Елдар Иманқұловқа сенім артамыз.

Еске салсақ сәуір айында нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның екі командасы алғашқы ондыққа енді.

Соңғы жаңалықтар