Героинды асқазанында жасырын алып өтпек болған итальяндық ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Бішкек-Свердлов» бағытындағы пойызда асқазанына героин жасырған итальяндық азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің баспасөз қызметі.
«2 сәуір күні «Бішкек-Свердлов» бағытындағы пойызда медициналық тексеру барысында асқазанынан 165 грамнан астам героин табылған тегі итальяндық Қырғыз Республикасының азаматы құрықталды», - делінген хабарламада.
Пойызда ер кісінің денсаулығы нашарлап кеткен. Құқық қорғаушылар оны дереу ауруханаға жеткізген. Ол жерде оның кеудесін рентгенге түсіру кезінде асқазанында бір зат бары анықталған. Ер кісі біраздан соң ол есірткі екенін мойындаудан басқа шара қалған жоқ. Бірер сағаттардан кейін ол есірткіні тік ішекке жасырғанын да мойындады.
Зерттеу барысында оның асқазанындағы есірткі заты 165,39 грамм героин екені анықталды. Ал тік ішектен алынған героин 9,50 грамды құрады.
Қазақстан заңнамасы бойынша итальяндықты 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.