15:34, 12 Шілде 2010 | GMT +5
ГФР Канцлері Ангела Меркель қазақстан-неміс бизнес форумына қатысуды жоспарлауда
СТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркель қазақстан-неміс бизнес-форумына қатысуды жоспарлауда, деп хабарлады ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы.

Сауда-өнеркәсіп палатасының атап өтуінше, форум шілденің 18-інде елордалық «Rixos President Hotel» қонақүйінде Германия іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтеді.