GGG қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GGG қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алғыс айтты

Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Қазақстандықтар мен сіздерді ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Мұның барлығы біздің Отанымыз үшін», - деді Головкин белбеуін көрсетіп.


Айта кетсек, жекпе-жек бүгін Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.