GGG мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз арбасты, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 килограмм) болды. Ал Деревянченко 159 фунт (72,12 килограмм) тартты. Орта салмақтың шекті көрсеткіші — 160 фунт, яғни 72,574 килограмм.

Қос боксшы бұл кездесуде орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы белдігін сарапқа салады.

Жекпе-жек ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы — Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ол да салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты.

Жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-ден басталады.

Соңғы жаңалықтар