Гидробекеттер туралы жалған ақпарат берген гидрометеорология орталығының директоры 5 жылға сотталды

АТЫРАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 15 млн. бюджеттік қаражатты шығындағаны үшін «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының бұрынғы директоры Бауыржан Тәтішев 5 жыл бас бостандығынан айырылды.
None
None

«2007-2008 жылдары гидрометеорологилық мониторинг енгізу мен қоршаған орта жағдайын бақылау туралы мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында республикалық бюджеттен «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнына бюджеттік қаражат бөлінген. Ол қаражат Атырау облысындағы өзендер бойына гидробекеттер салуға арналған болатын. Бірақ Бауыржан Тәтішев гидробекеттерді салып, оның жөндеу жұмыстары өткендігі туралы жалған актіге қол қойып, 15 млн. бюджеттік қаражатты шығындаған. Бірақ ешқандай жұмыстар жүргізілмеген», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Алтынай Мұхтарова.

Атырау қаласы сотының үкімімен Б.Тәтішев кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл мемлекеттік қызметтерді атқарудан шеттетілді.

Соңғы жаңалықтар