Ғылым академиясы Астанаға көшіріле ме – Күрішбаевтың жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында Алматыдағы ғылыми академияның ғимараты кімнің меншігінде қалатынын айтты.

Ақылбек Күрішбаев
Фото: Дияр Бексұлтанов

Енді ол – тарихи ғимарат. Сәтбаевтың академиясы орналасқан жер болғандықтан жұмыс сонда ұйымдастырудың мүмкіндігі бар. Астанаға көшіру туралы жоспарым жоқ. Басшыларда да жоспар жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені ол ғылым орда ғой, - деді Ақылбек Күрішбаев.

Академия президенті ғылымды ұйымдастыру ісінде істен гөрі әдемі есептер көбейіп кеткенін сынады.

- Қазір ғылымда әдемі слайдтар көбейіп кетті. «Ғылымды дамытып жатырмыз», «осындай өзгерістер болып жатыр» деп әдемілеп көрсетеміз. Ол дұрыс қой, бірақ, енді сол слайдтардан іске көшуіміз керек. Біз сөзден іске ауыстық. Академияның жанынан белгілі шетелдің ғалымдары бар, өз ғалымдарымыз бар, сарапшылар орталығын құрдық. Осы орталықта ғылымды дамытпай тұрған тежегіш, өндіріске енуіне кедергі болып тұрған мәселелерді анықтап, ұсыныстарды Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріп отырмыз. Осы арқылы біраз мәселе ашылды.

Еске салсақ, биыл 27 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің таратылатыны ресми мәлімделген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар