«Ғылым апталығы» аясында елімізде 100-ден астам іс-шара өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - 12 сәуір – елімізде маңызды күн — «Ғылым қызметкерлері күні» аталып өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын отандық ғылым мен білімнің жетістіктеріне назар аудартуға бағытталған дәстүрлі «Ғылым апталығы» аясында ауқымды іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырады.
«Ғылым апталығы» аясында елімізде 100-ден астам іс-шара өтеді. Олардың ішінде дәрістер, конференциялар мен көрмелер бар. Бұл іс-шаралар жаңа зерттеулермен қатар ғалымдарымыздың еңбектерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Апта аясындағы негізгі іс-шаралар:
7 сәуір — Abai University-де «Білім берудегі VR/AR технологиясы» ғылыми зертханасының салтанатты ашылуы
7 сәуір — Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының тұсаукесері
10 сәуір — ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара
10 сәуір — Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Жас ғалым» форумы
11 сәуір — «Қазақстанның мәдени мұрасы: археология мен қоғамдық ғылымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел
12 сәуір — Қ.Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою
12 сәуір — Озық функционалдық материалдар мен олардың композиттерінің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылуы
12 сәуір — «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект: процестерді оңтайландыру және автоматтандыру шешімдері» халықаралық конференциясы.
Айта кетелік «Farabi hub» - ғылымды өндіріске енгізуді жеделдетеді.