Ғылыми конкурс нәтижелерін белгіленген мерзімде жариялау міндетті болады

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық ғылым академиясының квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

Стали известны имена обладателей  грантов в магистратуру
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

— Заң жобасы аясында Ұлттық ғылым академиясының жұмысын тежеп тұрған бірнеше мәселені шешеміз. Оның квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесін заң жүзінде бекітеміз. Бұл академияның мүлкін қалыптастыру тәртібін нақты реттеуге, басқару тетігін жүйелеуге және тұрақты қаржыландыру көздерін айқындауға жақсы мүмкіндік береді. Ғылым академиясы үшін бұл — өте қажет өзгерістер, — деді депутаты.

Оның сөзіне қарағанда, ғылыми жобалар бойынша конкурс нәтижелерін жариялау мерзімдері бүгінде заңмен нақты регламенттелмейді.

— Қазіргі таңда бұл мерзімдер айқын бекітілмегендіктен рәсімдер жиі созылады. Ал ғалымдар белгісіздік жағдайда қалады. Біз рәсімдерді уақытылы өткізіп, конкурс нәтижелерін белгіленген мерзімде жариялауды міндеттейтін арнайы нормаларды қарастырып отырмыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, аталған заң жобасы аясында ғылыми жобаны бастау мерзімін нақты сол келісімшарт басталған күннен белгілеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум