Гималайдағы лагерьді қар көшкіні басып қалды: 14 адам із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Гималайдағы Химлунг-Химал тауы маңындағы лагерьді қар көшкіні басып, Непалдың кемінде 14 азаматы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Гималайдағы лагерьді қар көшкіні басып қалды: 14 адам із-түзсіз жоғалды
Фото: Pixabay

ТАСС Kathmandu Post газетіне сілтеме жасап хабарлағандай, жоғалғандардың барлығы — экспедициялық топтың непалдық мүшесі. Олардың арасында шерпалар, гидтер және қызмет көрсетуші персонал бар.

Олармен байланыс жексенбі күні таңертең үзілген.

Оқиға кезінде лагерьде шетелдік туристер болмаған. Себебі олар лагерьге әлі келмеген, олардың бес-алты күннен кейін жетуі керек еді.

Қолайсыз ауа райы құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Тікұшақтар дайын тұр, алайда әзірше ұша алмайды.

Еске салайық, бұған дейін Кабардин-Балқариядағы қар көшкінінен қаза тапқан альпинистер саны 15-ке жеткенін хабарлаған едік.