Гимнаст Дарья Ясинская Азия чемпионатының екі бірдей финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды.

Дарья Ясинская
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық Дарья Ясинская екі финалға жолдама алды.

Спортшы құрлықтық біріншілікте еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша бақ сынайды.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды.

Соңғы жаңалықтар