Гимнаст Дмитрий Патанин Венгриядағы Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде топ жарды, деп жазды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Дмитрий Патанин
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Ұлттық құраманың өкілі еркін жаттығуларда финалда 13.900 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Күміс жүлдені болгар спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, қола медальді Израиль атынан сынға түскен Артем Долгопят (13.200) жеңіп алды.

Кеше қазақстандық гимнастар Мажарстанда өтетін турнирде сынға түсетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар