Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.
Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.
Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды - 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды - 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді - 13.666.
Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.