Гимназия оқытушысынан үлкен мөлшерде героин табылды

АҚТӨБЕ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысындағы бір аудан орталығында полиция қызметкерлері көп мөлшерде героин сақтаған мектеп-гимназиясының оқытушысын қолға түсірді.
None
None

Облыстық ІІД-нің бүгін өткен апталық брифингісінде хабарланғандай, 36 жастағы ер адамды сыбайласқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Мир даңғылындағы кәуап сататын жерден қолға түсірген. Оны тексеру барысында 0,49 грамм салмақтағы героин тәркіленген.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткі салынған түйіншекті Есет батыр көшесінен тауып алып, былтырғы жылдан бері кезеңімен есірткі қолданып жүргендіктен, оны жеке өзінің тұтынуы үшін сақтап қалған.

Аталмыш факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар