Гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын пациенттер дәрімен қамтамасыз етіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сирек кездесетін «гипофосфатемиялық рахит» диагнозы бар пациенттерді Буросумаб (Крисвита) дәрілік затымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын пациенттер дәрімен қамтамасыз етіледі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

— Бүгінгі таңда елімізде осы диагнозы бар 26 пациент тіркелген, оның 10-ы ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақстан халқына» қоры қаражатының есебінен сатып алынған препаратпен қамтамасыз етілген. 2026 жылдан бастап барлық 26 пациент үшін дәрілік препаратты сатып алу жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,1 млрд теңге сомасына толық қаржыландырылатын болады, — делінген министрлік хабарламасында.

18 тамызда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша одан арғы қадамдарды талқылау үшін гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын балалардың ата-аналарымен кездесу өткізеді. 

Айта кетелік биыл Қазақстанда алғаш рет 1 000-нан астам адамнан бүйрек обыры анықталды

 

Соңғы жаңалықтар