02:57, 23 Қараша 2014 | GMT +5
Гитлердің картинасы бәссаудада 130 мың еуроға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістердің Weidler аукцион үйі сенбі күні өткен бәссаудада Адольф Гитлер салған «Старая ратуша» картинасын 130 мың еуроға сатты. Оны арнайы аукционға қатысуға Таяу Шығыстан келген коллекция жинаушы сатып алған.

Картинаның бәссаудадағы бастапқы бағасы 4,5 мың еуро болған.
Картина 1914-1915 жылдары акварельмен салынған. Сонымен бірге жиынтықта оның түпнұсқа екендігін дәлеледейтін арнайы сертификат бар. Картинадан түскен қаражаттың 10 пайызы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Айта кетейік, бұған дейін Weidler Гитлердің 5 картинасын сатқан болатын. Олардың ішіндегі ең қымбаты 2012 жылы 40 мың долларға сатылған, деп жазады шетелдік БАҚ.