Ғизат Нұрдәулетов елдегі құқықтық реформалар туралы айтты
«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құқық қорғау блогы мен сот жүйесін реформалауға бағытталған үлкен жұмыс жүріп жатыр. Прокуратура органдарының қызметін қайта жүктеп жатырмыз десе де болады. Мұндағы мақсаттардың бірі – салалардың бәрінде, ең бірінші қылмыстық процесттерде азаматтардың құқықтық кепілдігін күшейту. Бүгін біз әріптестерімізге тәжірибемізді алмасып, осы жұмыстың нәтижелері туралы айтып береміз», - деді ол ТМД-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің мәжілісінде.
Айта кетейік, бүгін елордада ТМД-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жиыны өтіп жатыр.
Жиында ҚР Бас прокуроры биыл ТМД-ға мүше мемлекеттердің көбі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқанын еске салды. «Биыл арамызда көптеген елдер Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы жылдар ішінде біз заңдылықты нығайту және қылмысқа қарсы күрес ісінде маңызды бағыттар бойынша байланысымызды ыдыратпай, жемісті ынтымақтастық орнаттық», - деп түйіндеді Ғизат Нұрдәулетов.