16:23, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Глубокое ауданының әкімі болып Владимир Кошелев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.В.Кошелев 46 жаста. Ол Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы ұйымдарында басшылық қызметтерде болды. 2006 жылғы қаңтардан бері «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Шығыс Қазақстан бойынша өкілдігін басқарып келді.