13:21, 06 Қараша 2024 | GMT +5
Гокер Косе: Ескі әуежайдағы бомбадан қорғанатын орындарды 40 жыл бойы ешкім қарамаған
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әуежайының президенті Гокер Косе әуежай аумағындағы бомбадан қорғанатын орындардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
Оның айтуынша, 40 жыл бойы бұл орындар жөндеу көрмеген, сондықтан жағдайы нашар.
— Бомбадан қорғанатын орындар өте нашар жағдайда. Өйткені 40 жыл бойы олар күтіп ұсталмаған және ешқандай жөндеу жұмыстары жүрмеген. Ол ескі әуежай терминалында орналасқан, жалпы ауданы — 1000 шаршы метр. Біз оны жаңартып, заманауи талаптарға сәйкес болуы үшін жұмыстар жүргіземіз. Бірақ бұл инвестициялық жобалардың бірі ғана, — деді Алматы әуежайының президенті.
Еске салайық, бұған дейін Гокер Косе Алматы әуежайына тағы 100 млн доллар инвестиция салынатын айтқан еді.