10:55, 21 Наурыз 2024 | GMT +5
Голан жотасындағы бітімгерлер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Голан жотасындағы бітімгерлер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Голан жоталарында қазақстандық контингент құрамында бітімгерлік миссиясын атқарып жүрген Қарулы күштердің әскери қызметшісі, 2-сыныпты сержант Саян Жылқайдаров Құрманғазының «Адай» күйін орындап, Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Еске сала кетейік, 14 наурызда қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына миссиясын атқаруға аттанған болатын.
Қазақстандық бітімгерлер барғаннан алғашқы жаттығуын пысықтап үлгерді.
Айта кетейік, Голан жотасындағы бітімгерлер арасында мерзімді қызмет әскері жоқ.