«Gold company» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Gold company LTD» ЖШС ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Gold company LTD» ЖШС ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Олар қайта бөлу мақсатымен азаматтар ақшасын тарту есебінен өз қызметін іске асырған. Бұл қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам зардап шеккен адамнан шағым түсті. Келтірілген шығын 1,5 млрд теңгеден асты», - деді С. Әділов министрлік ұйымдастырған онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, тексеру шаралары барысында 32 млн теңгеден астам ақша, түрлі техника алынды. Ұсталғандар қамауға алынды. Ресейдің екі азаматы өздерінің қылмыстық әрекетін іске асыру мақсатымен Қазақстанға келген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Санжар Әділов «Гарант 24 Ломбард» ісінің мән-жайын айтып берді.



Соңғы жаңалықтар