Голливуд актері екі қызымен бірге ұшақ апатынан мерт болды

— Роберт Сакс иелік ететін ұшақ түстен кейін Невистен батысқа қарай құлаған. Ұшақта үш жолаушы болған: АҚШ-тан келген 51 жастағы Кристиан Клепсер (шын аты Кристиан Оливер) және оның 10 және 12 жасар екі қызы — Мадита Клепсер және Анник Клепсер, — делінген Сент-Винсент және Гренадин корольдік полициясының Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, ұшақ ұша салысымен қиындық туындап, мұхитқа құлаған.
Instagram желісіндегі соңғы жазбасында актер оқырмандарына жұмақ аралынан сәлем жолдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актер «Параллель әлемдер» (Sliders 1995-2000), «Кобра» арнайы жасағы (Alarm für Cobra 11 — Die Autobahnpolizei, 1996), «Спиди Гонщик» (Speedy Racer, 2008), «Валькирия» операциясы (Valkyrie, 2008), «Сегізінші түйсік» (Sense8, 2015-2018) және «Аванпост» (The Outpost, 2018-2021) фильм-сериалдарына түскен.