Голливуд актері Брэд Питт тапталып қала жаздаған қызды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда Голливуд актері Брэд Питт бір топ жанкүйерлерінен кішкентай қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Evening Standard хабарлады.
None
None

52 жастағы әртіс «5 минуттық тыныштық» атты фильмінің түсірілімі үшін Гран-Канария аралына келген. Фильм сахналарының бірін Лас-Пальмас-де-Гран-Канария қаласында түсіру керек болған екен. Түсірілім алаңының қоршауында әртіс өнерінің табынушылары жиналып, кішкентай қыз аяқ астында таптала жаздаған. Бұны көрген Питт тез арада қауіптің бетін қайтарып, кішкентай қызды қоршаудан көтеріп алды, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар