Голливуд актерлерінің ереуілінен Emmy сыйлығын тапсыру келесі жылға қалды

ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – Emmy телевизиялық сыйлығын тапсыру рәсімі келесі жылға қалдырылды. ҚазАқпарат бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: internationalbroadcasts.fandom.com

Голливудта өтіп жатқан сценарийшілер мен актерлердің ереуіліне байланысты 18 қыркүйекте өтуі тиіс болған Emmy сыйлығын тапсыру рәсімі 2024 жылдың 15 қаңтарына шегерілді.

Emmy сыйлығының 75-інші рет тапсырылу салтанаты Fox телеканалында тікелей эфирден көрсетілетін болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы күндері Голливудта киноиндустрия саласы мамандарының наразылық акциялары өтіп жатыр. Ол 14 шілдеде басталды. Американың телевидение және кино актерлерінің федерациясы 160 мыңға жуық әртістің мүддесін алға тартып отыр. Олар жалақының көтерілуін және қосымша жұмыстардың төленуін, сондай-ақ кино өндірісінде жасанды интеллектіні қолдануды шектеуді талап етуде.


Соңғы жаңалықтар