Голливуд актерлерінің ереуілі аяқталды
АҚШ-тың кино актерлері, телевизия және радио әртістерінің гильдиясы SAG-AFTRA Кино және телевизия продюсерлерінің альянсымен алдын-ала келісімге келгенін хабарлады. Екі ұйым арасында құны 1 млрд долларды құрайтын келісім жасалды, деп хабарлайды Kazinform DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
Келісім ең төменгі төлемдерді арттыруды, федерация мүшелерін жасанды интеллект қауіптерінен қорғау шараларын және бірнеше түсірілімге қатысу бонусын қамтиды.
160 мыңға жуық әртістің мүддесін алға тартқан актерлер кәсіподағы 14 шілдеде ереуілге шығып, АҚШ киноиндустриясындағы барлық өндірісті тоқтатқан еді. Актерлар жалақыны көбейтуді, артық жұмыс істегені үшін өтемақы төлеуді және кинематографияда жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу қоюды талап етті.
9 қазанда тараптар келісімге келіп, наразылық акциялары аяқталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сценаристердің ереуілі Голливуд экономикасын айтарлықтай күйретті.
Financial Times газетінің хабарлауынша, Голливуд сценаристері мен актерлердің ереуілі салаға 5 млрд доллардан астам (шамамен 4,7 млрд еуро) шығын келтірген.
Сонымен қатар, ереуіл салдарынан 18 қыркүйекте өтуі тиіс болған Emmy сыйлығын тапсыру рәсімі келесі жылға қалдырылған еді.