Голливудтық каскадер Шон Робинсон қонақүйде өлі күйінде табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қонақ үйлердің біріндегі нөмірде белгілі америкалық каскадер Шон Робинсонның мүрдесі табылды. Шонның әріптестерінің айтуынша, қазіргі уақытта каскадер «Су асты көкжиегі» атты киноға түсіп жүрген.
None
None

Кинофильм түсірілімі Жаңа Орлеанда өтіп жатқан. Соңғы күндердің бірінде актер түсірілім алаңына келмей қалады, әріптестері алаңдай бастайды. Телефон қоңырауларына да жауап бермеген Шонның нөміріне келген достарының бірі оның өлі мүрдесінің үстінен түседі.

Голливудта, "бұл киноөндірісі үшін орны толмас қайғы" деп мәлімдеді.

Шон Робинсон «ЛюдиХ", "Парк Юрского Периода" және т.б. киноларға түскен, деп хабарлайды planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар