«Голос. Дiтида» танымал болған 10 жастағы қазақстандық өзі туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10 жастағы алматылық бүлдіршін, жас әнші Данэлия Тулешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында қазыларды қалай таңқалдырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнерпаз жұлдыз төрешілерден ондай реакцияны күтпегенін айтты. Youtube арқылы тараған видеоны 1 млн-нан астам адам көріп үлгерген.

- Шаршы топтың алдына шығатын кезде қобалжу болмады ма?

- Мен әлі де сенбей жүрмін. Бір қызығы мен ең соңынан өнер көрсеткен болатынмын. Сахнаға шыққанда прожектор жарығы маған түсті. Қорқыныш пайда болды. Бірақ мен өзімді тыныштандыратын тәсілді білемін. Бұлшықеттерімді қатты қысып, босаттым. Барлығы бері қарағанда құлап қала жаздадым. Олардың пікірі маған қатты ұнады. Мен Дмитрий MONATIK командасындамын, оған дән ризамын. Оның шығармашылығын бақылап келемін. Қазір ұстазыммен бірге белсенді дайындалып жатырмын. Әрине, көрермен мен жұлдызды төрешілерге үздікті таңдау қиын болады. Бірақ шын жүйрік анықталатынына сенімдімін.

- Танымал болған қалай екен?

- Мен түк өзгерген жоқпын. Менің өнерімді бағалайтын адамдар пайда болды. Интернеттегі парақшама жазылушылар көбейді. Мектепте де барлығы құттықтап жатыр.

- Сен оқу мен вокал сабақтарын қатар алып жүре аласың ба?

- Мен сабақты үзбеймін. Үздік оқушы болу мен үшін аса маңызды. Бос уақытымда достарыммен ойнаймын, вокалға барамын.

- Сахна туралы бала кезден армандадың ба?

- Мен кішкене кезімде «Принцесса Лягушка» мультфильміндегідей бәліш таситын адам болғым келетін. Тіс дәрігері болсам деп армандаймын. Бала кезімде қуыршақтарымды емдейтінмін. Қазір үлкен сахнаға шыққанды армандаймын. Менің кумирім - Дженнифер Лопес.

Жас әнші Данэлия физика-математика мектебінде оқиды. Бос уақытында видеоролик түсіріп, үйде концерт қойғанды ұнатады. Вокалмен кәсіби түрде 2016 жылдан бері айналысып келеді. Тәлімгері Наталья Чуракова шәкірті туралы пікірімен бөлісті.

- Сіз шәкіртіңіздің дарынын бір көргеннен анықтаған боларсыз?

- Мен Даниэляны Астанада өткен халықаралық конкурста алғаш рет көрдім. Бір таңқаларлығы, 1,5 жылдан соң вокал оқуға ол маған келді. Мен бұл қызды әнге дарыны болмаса түк үйрете алмас едім. Оның даусының тембрі ғажап, қазір біз диапазон кеңейтуге тырысып жатырмыз. Негізінен байқау әндерін таңдауды Данэлияның өзіне қалдырып жатырмын. Себебі ән көңіліне жақса жақсы орындалады. Бұл бүлдіршін барлық қиындықтарды жеңіп келеді. Байқауда кезегің келгенше күтіп, әнді 200 пайызға орындау ең басты жұмыс.

Жас әншінің анасы Елена Тулешова қызына барынша қолдау көрсетіп келеді.

 - Қазылар алқасының мүшесі, жұлдызды тренер Наталья Могилевская қызыңыздың даусын  «Голос» балалар шоуындағы үздік дауыс деді. Бұл дарын оған кімнен дарыған?

- Мен де кезінде ән айтқам. Әкеміз музыкалық мектептің фортепиано класын бітірді. Арғы әжелеріміз де әннен құралақан емес-ті. Менің әкем ансамбльде ән айтып, сарбаздардың алдында өнер көрсететін. Әкесінің әжесі де әнші болған. 

- Қызыңыздын дарынын қай кезде байқадыңыз?

- Қызым сөйлеген уақытынан бастап ән айта бастады. 2 жасында ұшақпен ұшып бара жатқанда Леди Гаганың әнін айтқаны есімде. Барлығы таң-тамаша болған. 3 жасында гимнастикаға қатысқан еді. Сосын күндердің күнінде ауыр жарақат алып қалды. Содан гимнастиканы ұмыттық. Содан оқуды спорттық бал билерінде жалғастырдық. Бұған қосымша қызым актерлік шеберлік пен вокалдыда алып жүрді.

Ең алғаш рет 2015 жылы «Аялаған Астана» байқауында үлкен сахнаға шықты. Бас жүлдені алғанда қуанышымызда шек болмады.

- Әңгімеңізге рахмет.

Айта кету керек, алматылық бүлдіршін, жас әнші Данэлия Тулешова Украинадағы «Голос. Дiти» шоуында америкалық әнші Дэми Ловатоның «Stone Cold» композициясын орындап, төрешілерді таң-тамаша қалдырған болатын. Алғашқы секундтарда-ақ Данэлияның дауысына тәнті болған төрешілердің төртеуі де бірдей бұрылды.

Данэлия шетелдік өнер сахнасына бірінші рет шығып отырған жоқ. 2015 жылы «Аялаған Астана» халықаралық байқауында - жеңімпаз, «Жаңа толқын» байқауында көрермен көзайымы жүлдесін алған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram