10:52, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Головкин алдағы жекпе-жекке дайындығын көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин желідегі парақшасында мексикалық Сауль Альвареспен (Канеломен) өтетін алдағы үшінші жекпе-жекке дайындығын көрсететін бірнеше фотосурет жариялады.
«Жаңа жұмыс аптасы басталды»,- деп жазды боксшы.
Айта кетсек, бокс кеші 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жекке шығады. Бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.
«40 жастан асқанда өзіңді басқаша сезінесің және 35 жаспен салыстырғанда басқаша көрінесің. Менің жаңа жаттықтырушым бар. Біздің жаттығу процесіміз де басқаша. Соңғы төрт жыл оңай болмады. Төрт жыл — бұл төрт спорт маусымы. Кез келген командалық спорт түрін алыңызшы — футбол немесе баскетбол — соңғы төрт маусымда не өзгергенін қараңыз. Әсіресе мансабым аяқталатын кезеңде нақты айту қиын. Көп нәрсе айта беруге болады. Содан бері өзімде көп өзгеріс болды», - деді қазақстандық боксшы тілшіге берген сұхбатында.